28.03.2011, 13:18 3847

Алматы облысында жер сілкінісі болды

Алматы облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 28-наурыз. Kazakhstan Today - Алматы облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Еуропалық сейсмологиялық орталықтың сайтының хабарлауынша, Қазақстанның оңтүстігінде дүйсенбі күні 3,1 балл жер сілкінісі болған. Изірге қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ.

Орталықтың хабарлауынша, жер асты дүмпулері Астана уақытымен 08.41 кезінде тіркелген (02.41 UTC).

Жер сілкінісінің кіндігі Талдықорғаннан 39 шақырым оңтүстік-шығысында және Текелі қаласынан батысқа қарай 5 шақырым қашықтықта орналасқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны