22.08.2011, 09:50 2681

Алматы облысында жер сілкінісі болды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні Алматы қаласының маңында жер сілкінген.

Алматы. 22-тамыз. Kazakhstan Today - Алматы облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні Алматы қаласының маңында жер сілкінген.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының (ҚР БҒМ ҒК СТИС) мәліметінше, К-8,7 энергетикалық қуатымен жер сілкінісі Қазақстан Республикасының аумағында 21 тамыз күні 22 сағат 36 минутта болды. Зілзаланың кіндігі Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 66 шақырым жерде орналасты. МСК-64 бағаны бойынша 2-3 балл қуатымен жер асты дүмпулері Алматы облысы Іле ауданы Құрты кентінде сезілді.

ҚР БҒМ ҒМ СТИЭ-нан хабарлағандай, жер сілкінісі сенбі, 20 тамыз күні де болды. Сағат 11.31-де К=11,3 энергетикалық қуатымен Қазақстан мен Қырғызстан Республикаларының шекарасында болған зілзаланың кіндігі Алматы қаласынан оңтүтсік-батысқа қарай 460 шақырым жерде орналасты. Жер асты дүмпулерін MSK-64 бағаны бойынша 2-3 балл дәрежесімен Тараз қаласының тұрғындары байқады.

Құтқарушылар анықтағандай, екі жер сілкінісінен құрбандар мен зардап шеккендер болған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны