28.10.2011, 12:19 4435

Алматы облысында жер сілкінісі болды

Еуропалық жерортатеңіздік сейсмикалық орталығының хабарлауынша, жұма күні Алматы облысында қуаты 3,4 балл болатын жер сілкінісі болды.

Алматы. 28-қазан. Kazakhstan Today - Алматы облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Еуропалық жерортатеңіздік сейсмикалық орталығының хабарлауынша, жұма күні Алматы облысында қуаты 3,4 балл болатын жер сілкінісі болды.

"Қуаты 3,4 балл болатын жер асты дүмпуі жергілікті уақытпен 08 сағат 21 минутта болды. Жер сілкінісінің ошағы Талдықорған қаласынан 106 км оңтүстік-шығыс және Жаркент қаласынан солтүстік-батыс бағытта 49 км жерде 1 км тереңдікте орын алды", - делінген Еуропалық жерорта теңіздік сейсмикалық орталық сайтының жұма күнгі хабарында.

Зардап шеккендер ман адам шығыны туралы мәліметтер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны