10.06.2009, 09:49 1332

Алматы облысында жер үйдегі өрттің салдарынан үш адам қаза тапты

Алматы облысында жер үйдегі өрттің салдарынан үш адам қаза тапты

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында жер үйдегі өрттің салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Іле ауданы Казцик кентінде Яблочная көшесіндегі "Ветеран" бақшашылар қоғамындағы жер үйде 9 маусымда сағат 05.25-те 30 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде үш адамның мәйіті табылды. Өрт Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 4 адамының күшімен 06 сағат 15 минутта сөндірілді.

Сонымен бірге, ТЖМ-нің хабарлауынша, Өскемендегі Ворошилов көшесіндегі жедел жәрдем ауруханасында 9 маусымда сағат 20.01-де жертөленің қосалқы жайында 6 шаршы метр аумақтағы жиһаз бен хирургиялық жабдықтар өртенді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 30 адам сыртқа шығарылды.

Өрт Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 5 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 24 адамының күшімен 21 сағат 39 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны