04.11.2011, 11:55 4150

Алматы облысында жергілікті тұрғын 14 авиабомба тауып алды

Алматы облысының Баянжүрек кентінде жергілікті тұрғын снарядқа ұқсас заттар тауып алған.

Алматы. 4-қараша. Kazakhstan Today - Алматы облысында жергілікті тұрғын 14 авиабомба тауып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматы облысының Баянжүрек кентінде жергілікті тұрғын снарядқа ұқсас заттар тауып алған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында бұл заттар көктен лақтырылатын 14 дана снаряд (бомбалар) болып шықты, конусқа ұқсас жарылғыш заттардың ұзындығы 95-100 см, диаметрі 18-20 см. АІІБ қызметкерлері орынды қоршауға алды. Жарылғыш заттарды іздестіру жалғасын таппақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны