03.06.2008, 09:26 1353

Алматы облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, екеуі ауруханаға жатқызылды

Алматы облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, екеуі ауруханаға жатқызылды

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, екеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 2 маусымда сағат 09.00-де Талдықорған қаласында (Алматы облысы) "Тойота" және "Мерседес" көліктері соқтығысты. Апат салдарынан 55 жастағы жүргінші әйел қаза тапты. "Тойотаның" жолаушысы мен тағы бір 16 жастағы жүргінші қыз түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2 маусымда 17 сағат 30 минутта Алматы - Боралдай - Шамалған тас жолында, Исаев ауылының маңында "Фольксваген" автокөлігі ағашқа соқтығысып, көлге құлады. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны