17.10.2006, 09:49 3336

Алматы облысында жол апатынан 9 адам қаза тауып, үшеуі жараланды

АСТАНА. 17-қазан. Kazakhstan Today. Алматы облысында үш жол апатынан 9 адам қаза тауып, үшеуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәселен, 16-қазанда Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 171-шақырымында "Volvo" автокөлігінің жүргізушісі "Volkswagen" автокөлігімен соғысты. Жол апаты салдарынан "Volkswagen" автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болып, оның жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Алматы облысында сондай-ақ Алматы-Өскемен тас жолының 344-шақырымында "Mazda-626" автокөлігінің жүргізушісі "ЗиЛ-130" көлігімен соғысты. Апат салдарынан "Mazda-626" автокөлігінің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында опат болды.

Сондай-ақ, Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 126-шақырымында "Mercedes" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында жан тапсырып, екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны