02.10.2006, 09:21 3101

Алматы облысында жол апатынан алты адам, соның ішінде Германия азаматы мерт болды

АСТАНА. 2-қазан. Kazakhstan Today. Алматы облысында жол апатынан алты адам, соның ішінде Германия азаматы мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Апат жексенбі күні таңертең Алматы-Өскемен тас жолында болып, "Опель" және "Тойота" автокөліктері соқтығысып қалды, соңғысы жанып кетті. "Өртті сөндірген кезде "Тойотаның" ішінен жанып кеткен төрт мәйіт табылды. Олардың аты-жөні белгісіз. Сонымен бірге оқыс оқиға орнында "Опель" автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы -Германияа азаматы мерт болды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны