03.08.2006, 10:26 3024

Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екеуі жараланды

АСТАНА. 3-тамыз. Kazakhstan Today. Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екеуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, апат Еңбекшіқазақ ауданында, 2-тамызда Алматы-Маловодное тас жолының 59-шақырымында болған. "Москвич-412" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында мерт болып, екі жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны