06.10.2006, 10:05 3563

Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

АСТАНА. 6-қазан. Kazakhstan Today. Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Райымбек ауданында Нарынқол-Кеген-Алматы тас жолының 4-шақырымында 5-қазанда 12 сағат 5 минутта "Мицубиси-Галант" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы жарақаттан аурухунада қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны