15.01.2009, 10:01 1717

Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, екі бала ауруханаға жатқызылды

Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, екі бала ауруханаға жатқызылды

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, екі бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Алматы облысының Ұйғыр ауданында Ақсай - Шонжы - Қолжат тас жолының 69-шы шақырымында 14 қаңтарда сағат 09.30-да 30 жастағы жігіт айдаған "Москвич-412" пен 36 жастағы жігіт айдаған "Ауди" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан "Москвич" жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқыс оқиға орнында қаза тауып, бір және екі жастағы екі бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны