16.01.2007, 10:51 2442

Алматы облысында жолдағы апаттан екі адам қаза тауып, үшеуі жараланды

АСТАНА. 16-қаңтар. Kazakhstan Today. Алматы облысында жолдағы апаттан екі адам қаза тауып, үшеуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Апат Ақсу ауданында Алматы-Өскемен тас жолының 350-ші шақырымында болған. 36 жастағы "Мазда" жүргізушісі дүйсенбі күні кешке жол үстінде тұрған "КамАЗ" жүк көлігімен соғысты. Апат салдарынан жеңіл автокөлікте отырған екі жолаушы оқиға орнында жан тапсырып, "Мазда" көлігінің жүргізушісі мен "КамАЗ" жүк көлігінде отырған екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны