31.07.2006, 10:48 6764

Алматы облысында жүк таситын отарбаның 14 вагоны шойын жолдан шығып кетті; құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

АСТАНА. 31-шілде. Kazakhstan Today. Алматы облысында жүк таситын отарбаның 14 вагоны шойын жолдан шығып кетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Апат жексенбі күні 13 сағат 50 минутта Ұзынағаш станциясының маңында болған. Алматы-Шу бағытында қатынайтын №3007 жүк поезының вагондары шойын жолдан шығып кетті.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "апат салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ". Дегенмен, мекеменің хабарлауынша, апаттан 1700 метрлік темір жол төсеніші бүлініп, екі электр жалғастыру бағаналары құлып, отарбалардың қозғалысы тоқтады.

Апат зардаптарын жою үшін Алматы және Шу бекеттерінен екі қалпына келтіруші поезд келіп жетті. Темір жол қозғалысы 31-шілдеде 0 сағат 27 минутта қайта жанданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны