02.09.2011, 12:15 3418

Алматы облысындағы ауыл мектептерінің бірінде өрт шықты

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін түнде сағат екіде Алматы облысы Ақсу ауданындағы орта мектептің шатыры өртенген.

Астана. 2-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы облысындағы ауыл мектептерінің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін түнде сағат екіде Алматы облысы Ақсу ауданындағы орта мектептің шатыры өртенген.

Өртті жергілікті халық өрт сөндірушілер келгенге дейін ауыздықтады. Бір жарым сағат бойы лаулаған жалын мектеп шатырының 25 шаршы метр аумағын жойған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД-ның өртке қарсы қызметінің 4 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны