06.09.2011, 10:45 3518

Алматы облысындағы базарлардың бірінде өрт шықты

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Алматы маңындағы сауда орындарының бірінде өрт шығып, жалын 200 шаршы метрге жуық аумақты шарпыған. Өрт Талғар ауданындағы "Жолбарыс" базарында шыққан.

Астана. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы облысындағы базарлардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Алматы маңындағы сауда орындарының бірінде өрт шығып, жалын 200 шаршы метрге жуық аумақты шарпыған. Өрт Талғар ауданындағы "Жолбарыс" базарында шыққан.

Белгілі болғандай, өрт сағат 2-лер шамасында тұтанған. Базар ішіндегі зат сақтау қоймасының біраз аумағы жанып кетті. Жалынды ауыздықтауға бастапқыда қалаға қарасты төрт өрт сөндіру көлігі кіріскен. Кейін тағы төрт көлік көмекке келді. Араға үш сағат салып тілсіз жау ауыздықталды. Дүйсенбі базарда тазалық күні болғандықтан сауда орнында адамдар болмаған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны