12.02.2010, 09:59 1304

Алматы облысындағы бір ауылда әйел мен екі бала көмірқышқыл газынан улану салдарынан қаза тапты

Алматы облысындағы бір ауылда әйел мен екі бала көмірқышқыл газынан улану салдарынан қаза тапты

Астана. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысының Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылында әйел мен екі бала көмірқышқыл газынан улану салдарынан қаза тапты, тағы бір бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақмола көшесіндегі бір жер үйде сағат 12.30-да көмір жағатын пештің ақауы салдарынан төрт адам уланды. Соның ішінде үшеуі- 30 жастағы әйел, 11 және 6 жасар балалар оқиға орнында жан тапсырып, тағы бір тоғыз жасар бала ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны