15.12.2010, 13:34 7620

Алматы облысындағы Достық станциясында ауа райының бұзылуына байланысты Үрімші - Алматы бағытындағы поезд тоқтатылды

Алматы облысындағы Достық станциясында ауа райының бұзылуына байланысты Үрімші - Алматы бағытындағы поезд тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 15 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы облысындағы Достық станциясында ауа райының бұзылуына байланысты Үрімші - Алматы бағытындағы поезд тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, кешегі сағат 13.40 бері Үрімші - Алматы бағытындағы № 14 жолаушылар поездінің қозғалысы тоқтатылған. Қозғалысты тоқтату себебі ауа райының бұзылуы болып отыр. Атап айтқанда, желдің жылдамдығы секундына 35-40 метрге жетіп, боран соғып, даланы тұман басқан. Поезд автономды түрде жылытылып, жолаушылар азық-түлікпен қамтамасыз етілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны