20.05.2010, 10:09 1355

Алматы облысындағы қараусыз қалған биокомбинаттың қоймасынан ірі көлемдегі қауіпті химиялық заттар табылды - ТЖМ

Алматы облысындағы қараусыз қалған биокомбинаттың қоймасынан ірі көлемдегі қауіпті химиялық заттар табылды - ТЖМ

Астана. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысының Қарасай ауданындағы қараусыз қалған биокомбинаттың қоймасынан ірі көлемдегі қауіпті химиялық заттар табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "19 мамырда сағат 15.00-де Алматы биокомбинатының бұрынғы филиалының жұмыс істемей тұрған химиялық реактивтер қоймасынан мынадай заттар табылды: әрбіреуіне 1 келіден фенолы бар 326 банка, әрбіреуінде 5 литрден хлороформы бар 25 банка, біртұтас бруцеллез диагностикумы - 144 флаконның әрқайсысында 20 миллилитрден".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, "таңбаланбаған басқа да белгісіз заттар болған: әрбіреуінде 20 және 30 килограммнан ақ түсті ұнтақ заты бар 6 полиэтилен дорба, 3 металл бөшке, көлемдері 50, 100 және 220 литрден, көлемі 20 литрден 2 әйнек бөтелке".

"Бұл заттарды аудандық СЭС мамандары жауып, таңбалады, қазір оларды көму немесе кәдеге жарату мәселесі шешіліп жатыр", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны