11.01.2012, 11:37 3571

Алматы облысындағы құс фабрикасының 11 жұмысшысы уланып қалды

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше кешке қарай формалин буымен уланған 11 адам Өтеген батыр ауылындағы Іле аудандық ауруханасына жеткізілген.

Алматы. 11-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы облысындағы құс фабрикасының 11 жұмысшысы уланып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше кешке қарай формалин буымен уланған 11 адам Өтеген батыр ауылындағы Іле аудандық ауруханасына жеткізілген.

Ауруханаға жеткізілген адамдардың барлығы көздің шаншуы мен бас айналуына шағымданды.

Жұмысшылардың жаппай улануы Алматы облысы Іле ауданындағы Чапаев ауылында орналасқан "Алатау құс" ЖШС-нің құс фабрикасында орын алған.

Алдын ала жасалған болжам бойынша олардың барлығы формалин буымен уланды. 2011 жылдың 28 желтоқсанында құс фабрикасының қызметкерлері құс қорасының ғимаратын формалинмен өңдеген болатын.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізу үшін құс фабрикасына облыстың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті мен Іле ауданы бойынша МСЭҚ басқармасының мамандары аттанып кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны