01.10.2010, 13:36 2974

Алматы облысындағы мейрамханалардың бірінде аммиак төгіліп, маңындағы үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

Алматы облысы Талғар ауданындағы жұмысы тоқтап тұрған мейрамханада аммиак төгіліп, маңындағы үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 1 - қазан. Kazakhstan Today - Алматы облысы Талғар ауданындағы жұмысы тоқтап тұрған мейрамханада аммиак төгіліп, маңындағы үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, кеше 12.45 Талғар қаласының Рысқұлов көшесінде орналасқан жұмысы тоқтап тұрған "Демалыс" мейрамханасындағы жұмыссыз тоңазытқыш құралы зақымдалып, одан аммиакка ұқсас зат төгілген.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Леонов және Береговая көшелеріндегі үйлерден 15 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны