17.06.2009, 10:02 1164

Алматы облысындағы Первомай тоғанына 14 жасар жасөспірім батып кетті

Алматы облысындағы Первомай тоғанына 14 жасар жасөспірім батып кетті

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысындағы Первомай тоғанына 14 жасар жасөспірім батып кетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Алматы облысының Ащыбұлақ ауылы Первомай тоғанына 16 маусымда сағат 15.30-да су қоймасының жағасында 14 жасар жасөспірім тайғанап кету салдарынан суға құлап, оған батып кетті. Мәйітті жергілікті тұрғындар судан шығарып алды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Атырау облысының Құлсары қаласы Жем көліне 16 маусымда сағат 11.45-те 24 жастағы жігіт батып кетті. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавловск қаласында Есілге 15 маусымда сағат 16.13-те тағы да 24 жастағы жігіт батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметтері судан шығарып алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны