10.05.2012, 10:42 2898

Алматы облысындағы саяжайлардың бірі өртеніп, салдарынан бір әйел көз жұмды

Өрт сағат 02.30-да сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Өрт болған жерден 54 жастағы әйелдің мәйіті табылды.

Астана. 10-мамыр. Kazakhstan Today - Алматы облысындағы саяжайлардың бірі өртеніп, салдарынан бір әйел көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 мамыр сағат 00.40-та Алматы облысының Қарасай ауданындағы саяжай үйлерінің бірі өртенген.

Өрт сағат 02.30-да сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Өрт болған жерден 54 жастағы әйелдің мәйіті табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны