04.06.2008, 09:50 1239

Алматы облысының Алмаарасан сайында екі адам жардан құлады

Алматы облысының Алмаарасан сайында екі адам жардан құлады

Астана. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысының Алмаарасан сайында екі адам жардан құлады, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ ақпараты бойынша, 2 маусымда Алмаарасан сайының "Аюсай" шатқалында ер адам мен 24 жастағы қыз жардан құлаған. Тосын оқиға салдарынан бойжеткен оқиға орнында қаза тауып, ер адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді,

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, құтқару іздестіру жұмыстарына ҚР ТЖМ "РОСО" МБ 4 қызметкері және бір арнайы техника жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны