23.02.2010, 16:43 3019

Алматы облысының бірқатар аудандарында 70-тен астам үй су ішінде қалды

Алматы облысының бірқатар аудандарында 70-тен астам үй су ішінде қалды

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысының бірқатар аудандарында 76 үй су ішінде қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жауын-шашынның және қардың еруі салдарынан 22-ақпанда 149 үй аулаларын су басып қалды. Атап айтсақ, Көксу ауданының Мәмбет, Мұсабек, Алғабас ауылдарында 15 үй, Іле ауданының Ақши ауылында - 38, Ескелді ауданының Бақтыбай, Қарабұлақ ауылдарында - 5, Ұйғыр ауданының Ұзынтам ауылында - 15, Панфилов ауданының Жаркент қаласында - 50, Көктал, Үшарал, Кіші сыған ауылдарында - 20, барлығы 76 үй су ішінде қалды.

Аталған ауылдарда төтенше оқиғаның салдарын жоюға жергілікті тұрғындар, құтқарушылар мен әскерилер жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны