26.04.2012, 15:31 3391

Алматы облысының ІІД қызметкері жол апатынан қаза тапты

Қайғылы оқиға 22 сәуір күні сағат 22.00-де "Алматы-Өскемен" тас жолының 50 шақырымында болды. Оңтүстік бағытқа бет алған "ЗИЛ-131" маркалы көліктің 33 жастағы жүргізушісі Заречный кентінің маңында басқару тетігіне ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кетіп, облыстық ІІД ақпараттық және техникалық байланыс басқармасы басшысының орынбасары 40 жастағы Бақыт Омарқұлов басқарған "ТОЙОТА КАМРИ-30" маркалы көлікпен соқтығысты.

Талдықорған. 26-сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысының ІІД қызметкері жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның әйелі мен баласы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Қайғылы оқиға 22 сәуір күні сағат 22.00-де "Алматы-Өскемен" тас жолының 50 шақырымында болды. Оңтүстік бағытқа бет алған "ЗИЛ-131" маркалы көліктің 33 жастағы жүргізушісі Заречный кентінің маңында басқару тетігіне ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кетіп, облыстық ІІД ақпараттық және техникалық байланыс басқармасы басшысының орынбасары 40 жастағы Бақыт Омарқұлов басқарған "ТОЙОТА КАМРИ-30" маркалы көлікпен соқтығысты.

Жол-көлік апатының салдарынан полиция қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны