05.05.2009, 15:54 2806

Алматы облысының Қарасай ауданында атыс салдарынан үш адам қаза тауып, екеуі жараланды

Алматы облысының Қарасай ауданында атыс салдарынан үш адам қаза тауып, екеуі жараланды

Алматы. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысының Қарасай ауданында атыс салдарынан үш адам қаза тауып, екеуі жараланды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Алматы облыстық ІІД төрағасының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Асқар Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

А. Оспановтың хабарлауынша, "4 мамыр күні сағат 17.00-де Қарасай АІІБ кезекші пультіне атыс туралы хабар келіп түсті". Оның айтуынша, Қарасай ауданының Райымбек ауылдық округінде, Райымбек ауылынан бес шақырым жерде "Қараталсай" бақшашылар қоғамында 10 адамның арасында атыс болған.

А. Оспановтың айтуынша, қылмыс орнына барған кезде оқ тиген үш адамның мәйіті табылған. Сондай-ақ, тағы да оқ тиіп жарақаттанған екі адам Қасакелең қалалық аудандық ауруханасына жеткізілген.

Полиция полковнигінің бұған қоса хабарлауынша, жәбірленушілер атысты ұйымдастырғандардың арасынан екі адамды таныған. Күдіктілер Алматы қалалық және Алматы облыстық ІІД қызметкерлерінің бірлескен күшімен Алматыда ұсталды. Атысқа қатысқан тағы үш адам іздестіріліп жатыр.

Алматы - Жандосов ауылы трассасының бойындағы жанармай тарату станциясының операторының полицияға хабарлағанындай, сол күні сағат 18.00 шамасында жанармай тарату станциясына "Мерседес-230" көлігі жақындап келген, онда отырғандар үш оғы бар 16-шы калибрлі аңшы мылтығын тастап кеткен. Осы қару атыс кезінде пайдаланылған болуы мүмкін деген жорамал бар. Тәртіп сақшылары бұған қоса атыс кезінде Калашников автоматы да пайдаланылған деп жорамалдауда.

А. Оспановтың айтуынша, ұсталғандар мен күдіктілерден ешкім де бұрын сотталмаған және ұйымдасқан қылмысқа қатысы жоқ. Полицияның мәліметінше, мұндай оқиғаның шығуына осыдан бір ай бұрын Алматыда болған, бірақ тіркелмеген жол апаты себеп болған. Ұсталғандар мен қаза тапқандар - Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны