Система Orphus

Алматы облысының монополистері 215 млн теңге заңсыз табыс тапқан

24.04.2013, 14:20 8115

Талдықорған. 24-сәуір. Kazakhstan Today - Облыс орталығындағы коммуналдық кәсіпорындар өз қызметтерінің тарифін көбейту есебінен 215 миллион теңге көлемінде заңсыз пайда тапқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Енді бұл ақша тұтынушыларға кері қайтарылуы тиіс",-дейді облыс прокурорының бірінші орынбасары Берік Жүйріктаев.

Оның айтуынша, коммуналдық кәсіпорындарда қолданылатын тарифтердің негізділігін тексеру бастамасы қолға алынған. Оның нәтижесінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті "Алматыгазсервис-Холдинг" АҚ өтінішін қарау кезінде тиісті уәкілеттік орган бекітпеген әдістеме бойынша есеп-қисап жүргізілгенін анықтады. Ысырап болған газ көлемінің шығыны 11,5 млн. шаршы метр көлемінде артық көрсетілгені әшкереленді.

"Талдықорғанжылуқызмет" МКҚК тарифтік сметаларын тексеру кезінде кәсіпорын көмір жеткізетін "Горняки Прииртышья" ЖШС-нің теміржол тасымалы қызметін төлеу бойынша шығындарын тарифтік сметаға қосқаны анықталды. Бұл 1 Гкал жылудың құны 2 188,5 теңгеден 2 204,21 теңгеге қымбаттауына әкеліп соқты.

Сумен қамту қызметіндегі бағаның қалыптасуына жүргізілген сараптама бұл салада табиғи монополиялар субъектілері болып мойындалмаған түрлі ұйымдар (әсіресе Алматы маңында) жұмыс істегендігін көрсетті. Бұған қоса компаниялар бекітілмеген тарифтер бойынша тұрақты түрде су үшін төлемақы жинап отырған.

"Прокуратураның қадағалау актілері бойынша 215 млн. теңгеден астам заңсыз алынған кіріс тұтынушыларға өтемақы тарифін бекіту жолымен қайтарылды", - деп түсіндірді Берік Жүйріктаев. - Сондай-ақ, қолданыстағы жылудың тарифі 13,3 пайызға, жеке түлғалар үшін газбен қамту 2,4 пайызға, заңды тұлғалар үшін 2,3 пайызға төмендетілді".

Бұдан басқа сумен қамту қызметін көрсететін алты мекеме табиғи монополия субъектілері реестрі тізіміне қосылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны