24.06.2009, 09:50 1154

Алматы облысының Өтеген ауылында 135 гектар аумақта шөп өртенді

Алматы облысының Өтеген ауылында 135 гектар аумақта шөп өртенді

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысының Өтеген ауылында 135 гектар аумақта шөп өртенді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Іле ауданы Жетіген ауылдық округының Өтеген ауылында 22 маусымда сағат 23.02 -де даладағы шөп өртенді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің жалпы аумағы 135 гектарды құрады.

Өрт Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 4 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 20 адамының күшімен 23 маусымда 13 сағат 45 минутта сөндірілді.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Айша бибі ауылдық округында өрт шықты. Үлкен Бурылтауда 22 маусымда сағат 23.02-де даладағы шөп өртенген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің жалпы аумағы 250 гектарды құрады.

Өрт Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 7 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 76 адамының күшімен 23 маусымда 14 сағат 05 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны