21.01.2013, 14:12 4386

Алматы облысының полицейлері адам ұрлау қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады

"Қаратал ауданының екі тұрғыны, яғни 20 жасар екі қыз баланың жоғалу фактісі бойынша Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері осы қылмысқа тікелей қатысы бар деген күдікпен Алакөл ауданының екі азаматын қолға түсірді", - деді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет.

Астана. 21-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы облысының полицейлері адам ұрлау қылмысына қатысы бар күдікті екі ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қаратал ауданының екі тұрғыны, яғни 20 жасар екі қыз баланың жоғалу фактісі бойынша Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері осы қылмысқа тікелей қатысы бар деген күдікпен Алакөл ауданының екі азаматын қолға түсірді", - деді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет.

Оның берген ақпараты бойынша, қыздарды күштеп көлікке мінгізіп, облыс орталығына алып кеткеннен кейін оларды түні бойы соққыға жығып, жыныстық қатынасқа күштеп итермелеген. Таңертең бойжеткендер қашып кетіп, полицияға хабарласқан.

Қазіргі уақытта адам ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

К.Нұрахметтің айтуынша, полицейлер алдын ала тергеу жүргізу кезінде адамды бас бостандығынан айырудың тағы бір фактісін анықтады - күдіктілер Талдықорған қаласының тұрғынынан күштеп ақша алу мақсатында оны өз көліктерінің жүк салғышында 10-12 сағат бойы ұстаған.

"Күдіктілер қамауға алынды", - деді ІІ-де.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны