29.09.2009, 09:46 1495

Алматы облысының Талғар ауданында қар көшкінінің астында қалған жігіттің мәйіті табылды

Алматы облысының Талғар ауданында қар көшкінінің астында қалған жігіттің мәйіті табылды

Астана. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы облысының Талғар ауданында қар көшкінінің астында қалған жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 28 қыркүйекте 26 жастағы жігіттің мәйіті табылып, Талғар АІІБ-ның қызметкерлеріне тапсырылды.

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, түскен қар көшкінінің көлемі 600 шаршы метрді, қардың қалыңдығы 2 - 4 метрді құрады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, оқыс оқиға 27 қыркүйекте Алматы облысының Талғар ауданында "Комсомол" шыңының "Богданович" мұздығында болған. "Мұздықпен таудан түсіп келе жатқан үш сноубордшы шаңғымен сырғанауға арналған қауіпсіз жолдан ауытқып, қар көшкінінің түсуіне себепкер болған. Соның салдарынан топтың ішіндегі төртінші сноубордшы қардың астында қалды.

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, іздестіру-құтқару жұмыстарына "РОСО" МБ (13 адам, 2 техника және 2 кинологиялық топ), "Қазавиаспас" РМК (№706 МИ-8 тікұшағы) мен Алматы облыстық ТЖД (3 адам мен 1 техника) тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны