18.06.2009, 11:19 1236

Алматы облысының Текелі қаласында MSK-64 өлшемі бойынша қуаты 3 балл жер сілкінісі болды - ТЖМ

Алматы облысының Текелі қаласында MSK-64 өлшемі бойынша қуаты 3 балл жер сілкінісі болды - ТЖМ

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысының Текелі қаласында MSK-64 өлшемі бойынша қуаты 3 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Сейсмология Институтының мәліметінше, ағымдағы жылдың 18 маусымында сағат 01.30-да Алматы облысында жер сілкінісі болды. Сілкініс ощағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 224 шақырымда, Текелі қаласында тіркелген. Сілкініс қуаты MSK-64 өлшемі бойынша 3 балл болды.

Құрбан болғандар мен қираулар жоқ, деп хабарлайды ТЖМ.

"Сейсмология Институты" ЖШС мәліметінше, 2009 жылдың маусым айының 18 мен 24 аралығында Алматы болжам полигонының аумағында сілкініс ошағында MSK-64 өлшемі бойынша магнитудасы 7 балл жер сілкінісі болмайды деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны