15.01.2009, 09:39 1742

Алматы облысының Үшарал қаласында қуаты 3 балл жер асты дүмпулері сезілді

Алматы облысының Үшарал қаласында қуаты 3 балл жер асты дүмпулері сезілді

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысының Үшарал қаласында қуаты 3 балл жер асты дүмпулері сезілді. Құрбан болғандар, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР БҒМ сейсмология институтының мәліметінше, 15 қаңтарда сағат 06.09-да Қазақстан аумағында энергетикалық классы К=11,4 болатын жер сілкінісі сезілді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығыс бағытта 406 шақырымда болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны