16.01.2009, 10:15 1550

Алматы облысының Үштөбе қаласында өрт салдарынан үш адам қаза тапты

Алматы облысының Үштөбе қаласында өрт салдарынан үш адам қаза тапты

Астана. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысының Үштөбе қаласында өрт салдаырнан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Үштөбе қаласында Иуезов көшесіндегі екі пәтерлі жер үйде 15 қаңтарда сағат 09.30-да 30 шаршы метр аумақта асхана мен веранда жайы өртеніп, соның салдарынан үш адам қаза тапты.

Өрт Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 7 адамының күшімен 11 сағат 23 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны