28.09.2009, 10:34 1524

Алматы - Өскемен тас жолында бір адам жол апатынан мерт болып, үшеуі жарақаттанды

Алматы - Өскемен тас жолында бір адам жол апатынан мерт болып, үшеуі жарақаттанды

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы - Өскемен тас жолында бір адам жол апатынан мерт болып, үшеуі жарақаттанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Кербұлақ ауданында Алматы - Өскемен тас жолының 135-ші шақырымында 27 қыркүйекте сағат 17.05-те екі "Мерседес" пен "Ауди" көлігі соқтығысты.

Апат салдарынан "Ауди" көлігінде отырған 46 жастағы әйел апат орнында жан тапсырды; тағы да осы көліктің екі жолаушысы мен "Мерседес" көлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны