06.10.2011, 11:48 3174

Алматы - Өскемен тасжолында болған көлік апаты салдарынан екі адам мерт болып, төрт адам жараланды

5-қазан күні сағат 12.20 Алматы облысында "Алматы-Өскемен" бағытындағы тас жолдың 125 шақырымында "Мерседес" маркалы жолаушылар көлігі мен "Renault" маркалы жүк көлігі соқтығысып қалған.

Алматы. 6-қазан. Kazakhstan Today - Алматы - Өскемен тасжолында болған көлік апаты салдарынан екі адам мерт болып, төрт адам жараланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5-қазан күні сағат 12.20 Алматы облысында "Алматы-Өскемен" бағытындағы тас жолдың 125 шақырымында "Мерседес" маркалы жолаушылар көлігі мен "Renault" маркалы жүк көлігі соқтығысып қалған.

Көлік апатының салдарынан 42 жастағы жеңіл көліктің жүргізушісі мен көлік ішіндегі 51 жастағы жолаушы сол жерде көз жұмды, тағы төрт жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізлді. Жолаушылар көлігінің ішінде барлығы 16 адам болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны