09.06.2009, 09:39 1185

Алматы - Өскемен трассасында жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі жарақаттанды

Алматы - Өскемен трассасында жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі жарақаттанды

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы - Өскемен трассасында жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі жарақаттанды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Ақсу ауданында Алматы - Өскемен трассасының 381-ші шақырымында 8 маусымда сағат 11.45-те "Тойота" және "Ауди" көліктері соқтығысты.

Соның салдарынан "Тойота" көлігінде отырған 31 жастағы әйел мен жеті жасар бала ауруханада көз жұмды; ал "Ауди" көлігінде отырған 20 жастағы қыз, екі және бір жасар бала мен 27 жастағы еркек түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны