26.09.2007, 16:44 3268

Алматы полицейлері алаяқ әйелді ұстады

Алматы полицейлері алаяқ әйелді ұстады


Алматы. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы полицейлері “магия” қолдану арқылы өзінің клиенттерін тонаған 30 жасар әйелді ұстады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлерге Оксана есімді әйелдің бұл әрекеті туралы алаяқтың құрбаны болған Татьяна есімді жергілікті тұрғынның арызынан кейін белгілі болған. Татьянаның айтуынша, "ол әйелмен азық-түлік дүкенінде танысқан. Оксана жаңа танысының үйіне өзі сұранып барған. Өзінің құрбанын ішімдікпен мас қылған алаяқ өткір емес пышақпен оның ішін тырнап тастаған, соның салдарын Татьяна есінен танып қалған. Кейінірек белгілі болғандай, әйел есінен танып үш сағаттай жатқан. Ал алаяқтың үйден барлық зергерлік бұйымдар мен ақшаны алып кету үшін бұл уақыт жеткілікті болған",- деді ішкі істер департаментіндегілер.

Баспасөз қызметі қызметкерлерінің хабарлауынша, "жедел қызметкерлер бір түн ішінде Оксананың ізіне түскен. Ол өзінің үйінде ұсталып, тінту жүргізу барысында оншақты сурет табылған". Ұсталғанның айтуынша, ол таныстарының өтініші бойынша аз ғана ақшаға тазалау, емдеу және массаж жасаумен айналысқан. “Бірақ үйден табылған дәлелдер әйелдің магияға қатысы бар екендігін көрсетіп отыр”,- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, әйел жауап алу кезінде гипнозды білмейтіндігін айтып бағуда.

"Қазіргі уақытта Оксанаға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-бабы бойынша айып тағылуда",- деп хабарлады Түріксіб АІІБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Абай Тынышпаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны