12.09.2007, 16:01 3093

Алматы полициясы тағы бір астыртын ойын залын анықтады

Алматы полициясы тағы бір астыртын ойын залын анықтады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. АЛМАТЫ. Алматы полициясы тағы бір астыртын ойын залын анықтады, деп хабарлады "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне қаланың Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

"Заңсыз ойын залы Розыбакиев көшесінде орналасқан бір дәмхананың ішінде болған. Көңіл көтеру мекемесінің фойесінде дәмханаға келушілер демалып қана қоймай, ойын автоматында да ойнай алатын болған",- деді полициядағылар.

Түнгі мекеме әкімшілігі, тек көңіл көтеруге ғана арналғандығын айтып бағуда. Бірақ ғимаратты тексеру барысында жедел қызметкерлер автоматтан түскен көлеңкелі кіріс туралы белгілеулер жасалған бірнеше қойын кітапшаларды тауып, тәркілеген.

Полицияның хабарлауынша, қолданыстағы заңға сәйкес, дәмхана басшылығы мен ойыншыларға екі айлық есептік көрсеткішінен бес айлық есептік көрсеткішіне дейін айыппұл салынады.

Ішкі істер департаментінің баспасөз қыметінің мәліметтеріне сүйенсек, бұл ойын клубтары мен ойынханаларға тыйым салынғаннан бері полицейлердің анықтаған Алматыдағы екінші астыртын ойын залы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны