14.11.2006, 16:00 2640

Алматы полициясы жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен мас жүргізушіні ұстады

АЛМАТЫ. 14-қараша. Kazakhstan Today. Алматы полициясы жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен мас жүргізушіні ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

"Меседес" автокөлігінің жүргізушісі Постышев көшесімен оңтүстік бағытта кетіп бара жатып, №67 үйдің алдында жолдың қарсы бетіне шығып кету салдарынан "ВАЗ" автокөлігімен соқтығысып қалған",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Бұл оқиға кеше болған.

Апаттан "Жигулидің" 54 жастағы жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырып, көлікте отырған 5 жасар бала ауруханаға жатқызылды.

Жол апаты орнынан қашып кеткен "Меседес" автокөлігінің жүргізушісін жол полициясының қызметкерлері құрықтады. Ол Іле ауданының 38 жастағы тұрғыны болып шықты. "Жүргізуші апат болған сәтте орташа деңгейде мас болған", деп хабарлайды полиция.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны