20.04.2011, 14:04 3703

Алматы - Свердловск бағытындағы пойызда Алматы облысының зейнеткерінен 400 грамнан астам героин тәркіленді

14-сәуір күні Алматы - Свердловск бағытындағы пойызда Алматы облысының 74 жастағы зейнеткерінен 400 грамнан астам героин тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 20 - сәуір. Kazakhstan Today - 14-сәуір күні Алматы - Свердловск бағытындағы пойызда Алматы облысының 74 жастағы зейнеткерінен 400 грамнан астам героин тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көліктегі ІІД Көкшетау станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері 2011 жылғы 14 сәуір күні "Алматы - Свердловск" бағытындағы пойызбен Екатеринбург қаласына есірткі затын алып бара жатқан 74 жастағы қарияны ұстаған.

"Қария есірткі затты шағын полиэтилен пакеттеріне салып, күртеше белдемшесінің және жеңінің ішкі жағына ыңғайлап тігіп тастаған екен. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 407 грамды құрайды",- деп хабарлады Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен. З

Зейнеткердің үстінен ҚР ҚК 259-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: diapazon.kz.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны