08.02.2011, 15:42 3158

Алматы - Талғар тасжолында 12 жасар қызды көлігімен қағып, өлтіріп кеткен жүргізуші бой тасалап үлгерді

Алматы - Талғар тасжолында 12 жасар қызды көлігімен қағып, өлтіріп кеткен жүргізуші бой тасалап үлгерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Талдықорған. 8 - ақпан. Kazakhstan Today - Алматы - Талғар тасжолында 12 жасар қызды көлігімен қағып, өлтіріп кеткен жүргізуші бой тасалап үлгерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2-ақпан күні таңертең белгісіз жүргізуші Алматы - Талғар тасжолының 13-ші шақырымында 12 жасар қызды көлігімен қағып, өлтіріп кеткен,- деп хабарлады Алматы облысының ІІД баспасөз қызметінің аға инспекторы Көбейхан Нұрахмет.

Оның айтуынша, қыз бала ауруханаға жетпей жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Ал қызды қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Куәгерлердің айтуы бойынша қызды қағып кеткен Toyota Camry маркасының 30 немесе 35-ші моделі екендігі белгілі болған. Қазіргі уақытта осындай маркалы 1 мыңға жуық көлік тексерілген.

Алматы облысының Жол полициясы басқармасы аталмыш жол апатына қатысты қандай да бір ақпарат білетіндер болса 257 30 23 телефонына хабарласуын сұрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны