17.06.2016, 18:34 11251

Алматы топан судыӊ астында қалды

Табиғаттыӊ тосын мінезі тағы алматылықтарды толарсақтан су кештірді! Толассыз жауған жаӊбырдан шеткі аудандарды айтпағанда, оӊтүстік астананыӊ еӊ элиталы аудандары орналасқан көшелер, метро станциясына дейін көлкіп суға толып жатыр. Жерасты паркингтеріндегі көліктер белуардан суда тұр. Ал жер үйлердегі жағдай тіпті мүшкіл

Астана. 17 маусым. Kazakhstan Today - Табиғаттыӊ тосын мінезі тағы алматылықтарды толарсақтан су кештірді! Толассыз жауған жаӊбырдан шеткі аудандарды айтпағанда, оӊтүстік астананыӊ еӊ элиталы аудандары орналасқан көшелер, метро станциясына дейін көлкіп суға толып жатыр. Жерасты паркингтеріндегі көліктер белуардан суда тұр. Ал жер үйлердегі жағдай тіпті мүшкіл, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мынау Алматыныӊ еӊ элиталы ауданы - Ил-Фараби даӊғылыныӊ бүгінгі кейпі. Толассыз жауған жаӊбыр көшені көлге айналдырған. Сондықтан, қозғалыс қиындап, бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды. Көпірлердіӊ астынан өту тіпті мүмкін емес, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

-Жер асты өткеліндегі жауын суы тез арада сорылса да, қазір мұнда әрі-бері қозғалу қиын. Қалпына келтіру жұмыстары да енді басталған. Яғни, жұмысшылар мұндағы балшықты далаға шығарып жатыр. Бірақ, өткелді толықтай тазарту үшін олардыӊ біраз күш жұмсауларына тура келмек.

Қаладағы осындай бірнеше көлік тұрағы жауын суына батып қалды. Исіресе "Алатау" метро бекетіне айтарлықтай зақым келген. Қазір жұмысшылар топан суды соруда. Бекет қоршауға алынып, оған тірі жан жіберілмей жатыр.

Наурызбай ауданы тұрғындарыныӊ да былтыр жүрген селді бүгін тағы естеріне алуларына тура келді. Мұндағы бірнеше көше жаӊбыр суына көлкіп тұр. Салдарынан көлік қозғалысы қиындаған. Жер үйлердіӊ аулалары да белуардан су.

Фатима Берданова, Алматы қаласыныӊ тұрғыны:

-Жаӊбыр суымен күресіп әбден шаршадық. Неге осы балшықтыӊ арасында қиналуымыз керек. Енді ауланы тағы тазартуымыз қажет.

Шенеуніктер тасқынмен барынша күресуде. Дегенмен, мұндағы бірнеше көшеде су кететін арық жоқ екен.

Бағлан Дәндібаев, Наурызбай ауданы әкімініӊ орынбасары:

- Арық жүйелерін салу жөнінде мемлекеттік органдарға өтініш берілген. Қаралып жатыр.

Жауын суы көпқабатты ғимараттарға да еніп жатыр. Исіресе, салынғанына 40-50 жыл болған тұрғын үйлердіӊ шатырынан су өткен. Мәселен, Абай және Желтоқсан даӊғылдарыныӊ қиылысындағы тоғыз қабатты мына үйдіӊ тұрғындары жауын жауған сайын суға малынады. Себебі, шұрық тесік шатырдан өткен су баспаналарды әбден бүлдірген.

Марина Лукшина, Алматы қаласыныӊ тұрғыны:

- Осы пәтерде тұрып жатқаныма 11 жыл болды. Содан бері төбемізден су сорғалап тұр. Ақша шығындап жөндеу жасаймын, бірақ бәрі бекер. 1-2 айда дәл осындай қалыпқа қайта түседі. Сондықтан шатырды ауыстыру керек.

Ал төтенше жағдай департаментіндегілер нөсер жауын тағы да қайталанады деп ескертті. Арық жүйесі жоқ, бар жерлердіӊ өзінде түрлі құрылыстармен бітеліп тынған оӊтүстік астана тұрғындарына тағы белуардан су кешуге тура келетін сыӊайлы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны