15.01.2008, 18:29 3352

Алматы және Алматы облысында электр қуатымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақтанды

Алматы және Алматы облысында электр қуатымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақтанды

Алматы. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласы мен Алматы облысында электр қуатымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақтанды, деп хабарлайды агенттік "Алматыэнергосбыт" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Қырғызстаннан 50 МВт көлемінде электр қуаты жіберіле бастады. Ал жалпы электр қуатын тұтыну көлемі төмендеді. Бұл өңір тұрғындарының электр қуатын үнемді пайдалануы арқасында тұрақталды.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Алматы қаласы мен Алматы облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты аймақта электр қуатын пайдалану көлемі 150 МВт жетіп, 24 қаңтарға дейін электр қуатын жіберуге шектеу қойылған болатын. 10 қаңтарда кешке қарай қуат көздерін пайдалану көлемі жоғарғы көрсеткішке жетіп, 1336 МВт құралды. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш электр станциясы өндіретін бар қуаттың деңгейіне жақын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны