18.01.2010, 09:46 1422

Алматы және Қарағанды облыстарында жол апаттарынан екі адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жатқызылды

Алматы және Қарағанды облыстарында жол апаттарынан екі адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жатқызылды

Астана. 18 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы және Қарағанды облыстарында жол апаттарынан екі адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Алматы - Көкпек - Көктал тас жолының 36-шы шақырымында 17 қаңтарда сағат 05.17-де 28 жастағы БМВ жүргізушісі ағашқа соғылды.

Апат салдарынан 26 жастағы бір жолаушы жігіт оқиға орнында жан тапсырды; жүргізуші мен 20 жастағы тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, ТЖМ Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында Қызылорда - Павлодар тас жолының 733-ші шақырымында 17 қаңтарда сағат 16.40-та "Мазда" көлігі мен "Сетра" автобусы соқтығысты.

Апат салдарынан 40 жастағы "Мазда" жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны