30.12.2008, 14:25 2711

Алматы және Қызылорда облысындағы үш жол апатының салдарынан 9 адам қаза тауып, 10 адам жараланды

Алматы және Қызылорда облысындағы үш жол апатының салдарынан 9 адам қаза тауып, 10 адам жараланды

Астана. 30 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- Алматы және Қызылорда облысындағы үш жол апатының салдарынан 9 адам қаза тауып, 10 адам жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Кербұлақ ауданында Алматы-Өскемен тас жолының 181-ші шақырымында 29 желтоқсанда сағат 16.30-да "Ниссан" және "Фольксваген" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан "Ниссан" көлігінде отырған 48 жастағы ер адам мен 62 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырып, үш жасар қыз бала ауруханада қайтыс болды; тағы екі жолаушы мен "Фольксваген" көлігінде отырған төрт жолаушы жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге, Қызылорда облысының Қармақшы ауданында Шымкент - Самара тас жолының 670-ші қарымында 28 желтоқсанда сағат 21.30-да УАЗ-Патриот, "Газель" және УАЗ-452 көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан УАЗ-452 көлігінің бір, "Газель" көлігінің бір және УАЗ-Патриот көлігінің үш жолаушысы оқиға орнында қаза тап, үш көліктің жүргізушілері түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ мәліметінше, Жаңақорған ауданында Шымкент - Самара тас жолының 309-шы шақырымында 30 желтоқсанда сағат 04.20-да "Тойота" көлігінің 23 жастағы жүргізушісі көлігін аударып алды.

Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында мерт болып, оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны