21.04.2008, 09:23 1374

Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында 3-4 балл жер асты дүмпуі тіркелді, құрбан болғандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ

Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында 3-4 балл жер асты дүмпуі тіркелді, құрбан болғандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ

Астана. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында 3-4 балл жер асты дүмпуі тіркелді, құрбан болғандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігі сейсмология институтының мәліметінше, 20 сәуірде 19 сағат 15 минутта Қазақстан аумағында энергетикалық классы 12,5 болып табылатын жер асты дүмпуі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 530 шақырымда, ҚХР (Шүршіттау) аумағында тіркелген.

ҚР ТЖМ Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жер асты дүмпулері Шығыс Қазақстан облысында - Ұзынбұлақ пен Қарабұлақта - 5 балл, Алматы облысында - Көктума, Тоқжайлау мен Үшаралда - 3-4 балл қуатпен сезілді.

Құрбан болғандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны