15.12.2010, 13:36 3714

Алматы және ШҚО 80 адам қар құрсауынан босатылды, тағы екеуі іздестірілуде - ТЖМ

Өткен тәулікте Алматы және ШҚО 80 адам қар құрсауынан босатылды, тағы екеуі іздестірілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 15 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Өткен тәулікте Алматы және ШҚО 80 адам қар құрсауынан босатылды, тағы екеуі іздестірілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, 13-желтоқсан күні сағат 12.50 Алматы облысының ТЖД кезекші бөліміне Үшарал-Достық күрежолының 105-ші шақырымында жүк көліктері тиелген 5 автокөлік пен 7 адам қар құрсауында қалып қойғандығы туралы хабар келіп түскен. 14 желтоқсан күні сағат 11.30-дағы жағдай бойынша, құтқарушылар жолда қалған барлық техникалар мен адамдарды тапты, қазір оларды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, ҚР ТЖМ хабарлауынша, 14 желтоқсан күні сағат 11.30 Алматы облысы бойынша ТЖД-ның кезекші бөліміне аталмыш Үшарал-Достық тасежолының 82 - 95 шақырымдары аралығында 12 жүк көлігі мен 1 жеңіл машина және 15 адам қалып қойғандығы туралы тағы бір хабар түскен. Іздестіру- құтқару жұмастары барысында сағат 23.30-дағы жағдай бойынша, қар құрсауындағы 2 жүк көлігі мен 13 адам табылып, Үшарал қаласында жеткізілді. Қалған техникалар мен адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, кеше сағат 21.30 Шығыс Қазақстан облысының ТЖД кезекші бөліміне "Таскескен-Бақты" тасжолында 60 адам мен 20 техника, соның ішінде 1 автобус қар құрсауында қалып қойғандығы туралы хабар келіп түскен. Құтқару жұмыстарының нәтижесінде барлық 60 адам мен 20 техника табылып, қауіпсіз жерге көшірілді.

Құтқару жұмысына "Қазавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жеті адамы мен үш техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны