25.02.2010, 10:30 1465

Алматы және Жамбыл облыстарында Алматы - Бішкек және Алматы - Ташкент тас жолдарындағы қозғалыс жабылды

Алматы және Жамбыл облыстарында Алматы - Бішкек және Алматы - Ташкент тас жолдарындағы қозғалыс жабылды

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы және Жамбыл облыстарында Алматы - Бішкек және Алматы - Ташкент тас жолдарындағы қозғалыс жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, " Жамбыл ауданының Тарғап кентінде 24 ақпанда сағат 11.00-де көп жауған жаңбыр мен қардың еруі салдарынан Тарғап бөгетінің бұзылу қаупі төнді. Осыған байланысты бөгеттің бас жақ бөлігінде суды бұру үшін қосымша 3 жыра қазылды. Бірақ, бөгеттің сыртқы жағын су шайып кетуге және жаңбырдың одан әрі жалғасу мүмкіндігіне байланысты ахуал күрделілене түсіп отыр".

"Сағат 15.00 кезінде су деңгейі болмашы төмендеді. Алайда сағат 20.35-те Тарғап бөгеті бойынша суды бұру каналынан су шығып кетті. Осының салдарынан Алматы - Бішкек тас жолының бір бөлігін су шайды",- делінген ТЖМ хабарламасында.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір жолдың бұл бөлігінде қозғалыс тоқтатылып, онда жол төсемін тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, 24 ақпанда сағат 18.30-да Жамбыл облысында жол төсемін су шайып кетуге байланысты барлық көлік түрлері үшін Алматы - Ташкент тас жолындағы қозғалыс тоқтатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны