04.12.2008, 10:00 1550

Алматы және Жамбыл облыстарында болған жол апаттарының салдарынан үш адам қаза тапты, үшеуі ауруханаға жатқызылды

Алматы және Жамбыл облыстарында болған жол апаттарының салдарынан үш адам қаза тапты, үшеуі ауруханаға жатқызылды

Астана. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы және Жамбыл облыстарында болған жол апаттарының салдарынан үш адам қаза тапты, үшеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Панфилов ауданында Алматы - Көкпек - Қорғас тас жолының 346-шы шақырымында 3 желтоқсанда сағат 18.30-да 32 жастағы ҚХР азаматы айдаған "Далум-Санчи" көлігі "Ауди" көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан "Ауди" көлігінің жүргізушісі мен оның бір жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Сонымен бірге, Жамбыл облысының Шу қаласы Төле би ауылында 3 желтоқсанда сағат 01.00-де "Мерседес" және "Ауди" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан 44 жастағы "Мерседес" жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, "Ауди" көлігінде отырған 18 жастағы екі және 21 жастағы бір жасөспірім ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны