28.02.2008, 12:32 2126

Алматы және Жамбыл, ШҚО және ОҚО таулы аудандарында қар көшкіні түсу қаупі бар - құтқару қызметі

Алматы және Жамбыл, ШҚО және ОҚО таулы аудандарында қар көшкіні түсу қаупі бар - құтқару қызметі

Алматы. 28 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы және Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысы және Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аудандарында алдағы күндерде қар көшкіні түсу қаупі бар. Осы жөніндегі ескертуді бүгін "Алматы қалалық құтқару қызметі" ҚККК таратты.

Күн райын болжау орталығының мәліметінше, "ұзаққа созылған нөсерге байланысты Алматы және Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысы және Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аудандарында 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында қар көшкіндері түседі деп күтілуде".

"Тауларда абай болуды ескертеміз", -дейді құтқару қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны